Алматыда ең жоғары жалақыны IT саласының мамандары алады

Алматыда ең жоғары жалақыны IT саласының мамандары алады

HeadHunter Қазақстан компаниясының сарапшылары hh.kz сайтына енгізілген 30 мыңға жуық түйіндемені қарастырып, жаз мезгілінің нәтижесін қорытындылады.

Зерттеу нәтижесі бойынша 2014 жылдың жаз мезгілінде ең жоғары жалақы төлеуге дайын ұсыныстар анықталды.

Ең жоғары жалақыны Ақтөбе қаласында сервистік қызмет басшылығының міндетін орындауға дайын адамға төлеуге дайын екені анықталды. Бұл орынға бір жарым миллион теңгеге дейін жалақы беріледі. Ал осы сомадан сәл азырақ айлықты Астана қаласындағы болашақ бас менеджерге төлеуге дайын. Үшінші орында Алматы қаласындағы ІТ-саласындағы маманға 1 215 мың теңге төлейтін ұсыныс орналасты.

Сонымен қатар, миллион теңгені құрайтын жалақыны Senior Officer, Corporate Collections (банк саласы), HR-директор (қызметкерлерді басқару), автомобиль сату саласында директор қызметі (автомобиль бизнесі), сату саласындағы директор, архитектор (инженер-кеңесші) және қонақ үйде басқарушы мамандарының иелері алу мүмкіндігіне ие.

Ең жоғары жалақыны басшылық қызметті атқаруға дайын адамдар алады. Сонымен қатар, өз маманын жақсы меңгерген тұлғалар жетіспейтін мекемелер білікті қызметкерге жоғары жалақы төлейді. Ал сату саласындағы жоғары жалақыны жақсы нәтиже көрсеткендер алатыны белгілі.

Зерттеу жұмыстары 1 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізілді.

Аймақ: Казахстан

* HeadHunter компаниялар тобы интернет-рекрутмент нарығында 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде hh.kz сайты Қазнеттегі үздік HR-порталы болып табылады. HeadHunter жұмыс іздеу мен қызметкерлер жалдауда ыңғайлы құралдарын ұсынуда.

HeadHunter Қазақстан «Премия HR-бренд Казахстан» жобасының ұйымдастырушысы болып табылады.