Отандық түлектер 40 мың теңгеге жұмыс істеуге дайын

Отандық түлектер 40 мың теңгеге жұмыс істеуге дайын

HeadHunter Қазақстан порталына тіркелген студент-түлектердің жартысынан астамы (52,8%) 40-тан 80 мың теңгеге дейінгі жалақыны қанағат тұтады.

Сонымен бірге әрбір бесінші түлек 80-нен 120 мың теңгеге дейін жалақы алғысы келеді екен. Жас мамандардың тек 6,4%-ы ғана 40 000 теңгеден аз жалақымен жұмыс істеуге дайын.

Шамамен тағы осыншамасы өздерінің кәсіптік қабілетін 160 000-нан 500 000 теңгеге дейін бағалапты. Жарты пайыздан аз бөлігі айына жарты миллион теңге немесе одан да көп жалақыны қанағат тұтса керек.

Сонымен бірге "Сауда" саласында әрбір үшінші түлек (35,1%) тер төккісі келеді. Әрбір төртіншісі банк және қаржы саласын таңдаған.

Ақпараттық технологиялар саласына әрбір бесінші жас маман қызығушылық танытып отыр. Туризм, қонақ үй және ресторан бизнесінде түлектер мен студенттердің 17%-ы еңбек етуге ынта танытыпты.

Тағы осыншамасы маркетинг, жарнама және PR саласының маманы атануды жөн көреді.

Аймақ: Казахстан

* HeadHunter компаниялар тобы интернет-рекрутмент нарығында 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде hh.kz сайты Қазнеттегі үздік HR-порталы болып табылады. HeadHunter жұмыс іздеу мен қызметкерлер жалдауда ыңғайлы құралдарын ұсынуда.

HeadHunter Қазақстан «Премия HR-бренд Казахстан» жобасының ұйымдастырушысы болып табылады.