Қазақстанда жұмыс ізденген жас мамандар санының артуы байқалады

Қазақстанда жұмыс ізденген жас мамандар санының артуы байқалады

HeadHunter компаниясының зерттеулер қызметі 2014 жылдың 3 тоқсанында компаниялар тобы порталындағы бар түйіндемелерді сараптап, олардың түрлі кәсіби салаларда орналасу серпінін анықтады.

Ізденушілердің жылдық санының өсуі (3 тоқсан 2014 мен 3 тоқсан 2013 салыстырмалы түрде) сауда, әкімшілік қызметкерлер, өндіріс, сонымен қатар көлік және логистика салаларында байқалады. Студенттер және қызмет жолын жаңа бастаған адамдар саны 1,1%-ға өсті. Есепшілік, кәсіпорын қаржылығы; АТ, интернет, телеком; және банк, инвестициялар, лизинг салаларында ізденушілер санының кемуі белгіленген. Түйіндемелерін орналастырған заңгерлерде 1%-дық кему тіркелген. Жоғары менеджмент кәсіби саласында өзгерістер байқалмайды.

Қазақстанда жұмыс ізденген жас мамандар санының артуы байқалады

Астанадағы еңбектің онлайн-нарығындағы жағдайы мемлекеттегі жалпы жағдайынан аса ерекшеленбейді. Түйіндемелердің артуы бойынша әкімшілік қызметкерлер саласы үздіктер қатарында. Жас мамандар саны 2%-ға ұлғайды. Сауда, көлік және логистика, сонымен қатар өндірістік саладағы ізденушілер түйіндемелерінің аз санының өсуі орнатылған. Есепшілік, кәсіпорын қаржылығы; АТ, интернет, телеком; банк, инвестициялар, лизинг сияқты кәсіби салаларында үміткерлердің азаюы байқалады. Құрылыс және жылжымайтын мүлік саларында бәсеңсу тіркелген. Заңгерлердің саны сондай-ақ азайған.

Қазақстанда жұмыс ізденген жас мамандар санының артуы байқалады

«hh.kz-тегі түйіндемелер саны үнемі ұлғаюда. Бұл қазақстандық ізденушілердің жұмысты онлайн-іздеуіндегі белсенділігінің белгісі. Әсіресе, студенттер, мансап басы сияқты кәсіби саласында түйіндемелердің артуы белгіленген – бұл жерде 2013 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда үміткерлер саны 2%-ға өсті. Сонымен қатар әкімшілік қызметкерлер және өндіріс салаларында өз түйіндемелерін орналастыратын ізденушілер санының артуы байқалады», - зерттеуді HeadHunter Қазақстан компаниясының маркетинг және PR бойынша директоры Әсел Беженова түсіндіруде.

Зерттеу мезгілі: 1 шілде – 30 қыркүйек 2014

Аймақ: Казахстан

* *HeadHunter компаниялар тобы интеренет-рекрутмент нарығында 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде hh.kz сайты Қазнеттегі үздік HR-порталы болып табылады. HeadHunter жұмыс іздеу мен қызметкерлер жалдауда ыңғайлы құралдарын ұсынуда.

HeadHunter Қазақстан «Премия HR-бренд Казахстан» жобасының ұйымдастырушысы болып табылады.